Talan Towers
БИЗНЕС ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
- LEED Gold (Leadership in Energy & Environmental Design) 2018
- CRE Awards (Best Business Center) 2017, 2021
- EE Real Estate Awards (Developer of the Year) (Mixed-use Project of the Year) 2017
- Asia Pacific Property Awards (Best Mixed-use Development Kazakhstan) (Best Mixed-use Architecture Kazakhstan)2017-2018
- International Property Awards (Best Mixed-use Development Asia Pacific) (Best Mixed-use Interior Asia Pacific) 2017-2018
Talan Towers Offices
«Talan Towers» көпфункционалды кешені 2017 жылы елорданың іскерлік және әкімшілік өмірінің жүрегінде таныстырылды, ол жаңа көрнекті орын болып табылады және оның құрамында The Ritz-Carlton «люкс» қонақ үйі мен эксклюзивті пәтерлері, Talan Gallery сауда галереясы және А класты бизнес орталығы — Talan Towers Offices біріктірілген.
Мекенжайы
Астана қ., Достық к-сі, 16
Ғимарат класы
Халықаралық А класы
Сертификаттау
«Жасыл ғимарат» LEED (Gold)
Қабаттар саны
30
GBA ауданы
37 413,41 ш.м.
GLA ауданы
31 300,94 ш.м.
Кеңсе түрлері
- Дайын кеңселер
- Әрлеуге арналған кеңселер
- Executive Hub
Паркинг
600 тұрақ орындары
Инфрақұрылым
жер асты паркингі, The Ritz-Carlton residences пәтерлері, Talan Gallery люкс сауда галереясы, The Ritz-Carlton Astana люкс қонақ үйі, заманауи конференц-залдар мен сөйлесу бөлмелері, SPA орталығы мен бассейні, мейрамханалар, барлар
Айналасында
Мейрамханалар, банктер және сауда орталықтары
КЕШЕННІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМАНДА
Жобаны жүзеге асыруға әлемнің түкпір – түкпірінен 100-ден астам дизайнер-компаниялар, кеңесшілер мен мердігерлер қатысты. Жобаның дизайны мен құрылысын американдық Turner International үйлестірді, оның арқасында Empire State Building және Burj Khalifa сияқты танымал нысандар салынған болатын.
Кешеннің сәулетшісі — 1936 жылы құрылған американдық SOM (Skidmore, Owings & Merrill LLP) компаниясы. Компания құрылғаннан бері әлемнің 50-ден астам елінде 10 000-нан астам жобаны жүзеге асырып, 800-ден астам кәсіби марапаттарға ие болды. SOM — Burj Khalifa (Дубай), Бостандық мұнарасы (Нью-Йорк), Trump International Hotel and Tower (Чикаго) сияқты жобалардың авторы.
Кеңсе орталығының интерьер дизайнын Британдық Perkins+Will компаниясы жасаған.
Декорацияда Италия, Испания, Бельгия, Германия, Қытай, Түркия және Үндістанның карьерлерінен әкелінген табиғи тастың 56 түрі қолданылған.
LEED Gold
Жобаны жобалау және салу LEED халықаралық жүйесінің жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.
Talan Towers — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы «жасыл» көпфункционалды кешен, ол 2018 жылғы 15 наурызда ресми түрде Gold деңгейіндегі LEED экологиялық құрылыстың халықаралық сертификатының иегері атанды.
Talan Towers Executive HUB
Заманауи қызмет көрсетілетін кеңселер.
Біз өз клиенттерімізге басқару және пайдалану туралы ойланбастан бизнеске шоғырлануға мүмкіндік беретін жұмыс кеңістігін ұйымдастырудың жаңа формуласын ұсынамыз. Қысқа мерзімді жалдау шарттары бар дайын өкілдік кеңселері — бұл Қазақстанның бизнес-элитасының ортасында жұмыс істеу және елорданың ең беделді бизнес-орталығында маңызды кездесулер мен презентациялар өткізу мүмкіндігі.
TALAN TOWERS БІРЕГЕЙ ӘЛЕМ
TALAN TOWERS бірегей инфрақұрылымы Астананың бизнес қоғамдастығының өмірі, жұмысы және демалысы үшін тамаша жағдай жасайды.
TALAN TOWERS OFFICES кеңсе мұнарасы Қазақстандағы «А» класындағы «Үздік бизнес-орталық» ресми мәртебесіне ие болды. Бизнес-орталықтың аумағы АХҚО-ның ерекше Қаржы аймағына кірді, бұл жалға алушыларға АХҚО қатысушылары ретінде тіркелуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қаржылық және олармен байланысты кейбір қызметтерден алынған табыстарға қатысты салық салудың жеңілдікті режимін қарастырады.
The Ritz-Carlton — Астанадағы алғашқы бес жұлдызды люкс қонақ үйі. Астананың іскерлік орталығында орналасқан қонақ үй іскерлік және мәдени қоғамдастықтың тартылыс нүктесіне айналды және іскерлік іс-шаралар, түрлі мерекелер өткізуге арналған тамаша орын болды.
Кешеннің екі мұнарасын 140 астам халықаралық брендтері бар Таlan Gallery люкс сауда галереясы біріктіреді.