Park View Office Tower халықаралық BREEAM сертификатын алды

Park View Office Tower халықаралық BREEAM сертификатын алды

«Глобал Девелопмент» компаниясы компания портфеліндегі премиум кеңсе ғимараты Park View Office Tower Бизнес орталығы «very good» деген бағамен BREEAM сертификатынан өткенін мақтанышпен мәлімдейді. Бағалауды BREEAM стандарттары бойынша сертификатталған бағалаушы — Drees & Sommer компаниясы жүргізді. Бүгінгі таңда Park View Office Tower Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы «жасыл» (экологиялық) кеңсе ғимаратына айналуда.

BREEAM (ғимараттардың экологиялық тиімділігін бағалаудың халықаралық әдісі) — бұл болашақ жалға алушылар үшін олардың тұрақтылығы мен жайлылығына негізделген ғимараттардың тиімділігін бағалаудың көп критерийлік жүйесі. Ғимаратты бағалау маңызды факторлардың негізінде жүзеге асырылады: жобалау мен құрылысты басқару, жалпы жағдайы мен әл-ауқаты, энергия тиімділігі, көлікке қол жетімділік, суды пайдалану, құрылыс материалдары, қалдықтарды кәдеге жарату жүйесі, жерді пайдалану және экологиялылығы, ластану және инновация.